Сейсенбі, 24 желтоқсан, 17:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Елімізде жұмыс уақыты бір сағатқа ерте басталуы мүмкін

26.06.2024

719 0

Сурет:massaget.kz

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге байланысты жұмыс уақыты өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды dauletten.kz.

Үкімет отырысынан кейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова уақыт белдеуінің ауысуына байланысты бірқатар  ұсыныстарға пікір білдірді.

«Бізге көп хат келіп жатыр, біз оларға жауап береміз. Жұмыс беруші мен жұмысшының арасында келісімшарт бар, жұмыс кестесін екі жақ бірге жасайды. Сондықтан қараңғыда жұмыс істемеуі үшін, жұмыс берушімен келісіп, жұмыс кестесін қайта қарай алады. Негізі бұл күрделі сұрақ емес», – деді деп жауап берді ол.

Сондай-ақ, ведомство басшысы жеке және бюджеттік мекемелерге ұсыныс берілгенін айтты.

«Ұсыныс бердік, яғни жұмыс бір сағатқа ерте басталуы мүмкін. Негізі келісімшарт екіжақты жасалады. Ол Еңбек кодексінде жазылған, заңға сәйкес», – деп толықтырды министр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: