Жұма, 22 қараша, 06:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Еліміздегі қалалардың бірінде автобус жолақысы қымбаттады

03.06.2024

453 0

Сурет:El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney

Бүгіннен, яғни 3 маусымнан бастап Қарағанды мен серіктес қалаларға қатынайтын қоғамдық көліктердегі жол жүру құны қымбаттады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Енді қарағандылықтар мен қала қонақтары автобустарда ONAY! электронды төлем жүйесі арқылы қолмақол ақшасыз 100 теңге, ал қолмақол ақшамен 200 теңге төлейтін болады. Бұған дейін тариф қолмақол ақшасыз 80 теңге, ал қолмақол ақшамен 160 теңге болған.

Еске сала кетсек, наурыз айында мәслихаттың кезекті сесиясында жолақыны көтеру жайлы шешім қабылданған еді. 

Жаңа тарифті мамыр айынан бастап қолданысқа енгізу қарастырылғанымен, кейінірек бұл шешім 1 айға шегерілді.

Қоғамдық көліктегі тариф 1 маусымнан бастап қолмақол ақшасыз 100 теңге және қолмақол ақшамен 200 теңге болатындығы жайлы хабарланған болатын. ONAY! электронды төлем жүйесіндегі техникалық баптаулардың жүргізілуіне байланысты тарифті көтеру 3 маусым дүйсенбіге ауыстырылған болатын. Бүгінгі күннен бастап қала ішілік және қала маңы автобустарындағы тариф өсті, – деп атап өтті Қарағанды қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Әсел Сәдуақасова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: