Жексенбі, 22 желтоқсан, 18:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Елорда Астана атанды

20.09.2022

868 0

ПРЕЗИДЕНТ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Ел ішінде соңғы кезде көтерілген мәселенің бірі бас қаланың атауымен байланысты болған еді. Көпшілік елордаға Астана атауын қайтаруды сұрады.

Қоғам талқысына түскен мәселе Мәжілісте де қаралды. Парламенттегі депутаттар тобы елорданың бұрынғы Астана атауын қайтару жайлы бастама көтерді. Халық қалаулылары өз кезегінде тұрғындармен кездесулерде айтылған ұсыныстарға, сондай-ақ референдум кезінде азаматтардың көптеген өтініштеріне сүйенгенін де айта кеткен жөн.

Мәжіліс депутаттарының ұсынысы Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді. Жұма күнгі өткен Парламенттегі қос палатаның бірлескен отырысында Конституциялық заң жобасы мақұлданды. Сенбіде, яғни 17 қыркүйекте Қазақстан Президенті «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Республика басшысы дәл осы күні елордаға Астана атауын қайтару туралы жарлыққа да қол қойды.

«Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауы Қазақстан Республикасының  елордасы – Астана қаласы деп өзгертілсін», – делінген жарлықта.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: