Жұма, 22 қараша, 05:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Елордада бір күнде 23 адамға қоғамдық орында түкіргені үшін айыппұл салынған

19.08.2022

1149 0

 Кеше Нұр-Сұлтан қаласында 23 адамға қоғамдық орында түкіргені үшін айыппұл салынған. Бұл туралы қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Арман Айтмағаметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда құқық бұзудың мұндай түрі көшедегі камералар арқылы автоматты режимде де, полиция қызметшілерінің қадағалауы нәтижесінде де анықталады. Әрине, азаматтардың хабарлауы арқылы да белгілі болып жатады. Егер мұндай әрекетке куә болсаңыз, тәртіп бұзылған сәтті фото немесе видео түрінде тіркеп, «102» мобильдік қосымшасы арқылы мәлімдеуге болады», – деді ол брифингіде.

Айтуынша, қоғамдық тәртіп бұзудың аталған түрі көбінесе көшедегі камералар арқылы анықталады.

«Кешегі бір күннің өзінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша полиция қызметкерлері дәл осы түкіру әрекетіне жататын 23 әкімшілік заң бұзу фактісін анықтады. Олардың бәрі әкімшілік жауапқа тартылды. Анықталған 23 жайттың 17-сі көшедегі камераға түсіп қалса, алтауын полиция қызметкерлері тіркеген», – деді Арман Айтмағаметов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: