Дүйсенбі, 23 маусым, 14:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№45,2158
21.06.2025
PDF мұрағаты

Елордада көпірден секірмек болған ер адамды әскери қызметкер құтқарып қалды

22.06.2025

57 0

Фото: Видеодан скриншот

Астана қаласында 5573 әскери бөлімінің ефрейторы Достық Жақсылық көпірден секірмек болған азаматты құтқарып қалды. Бұл туралы turkystan.kz агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 21 маусым түнгі сағат 00:30 шамасында елорданың Көктал көшесіндегі «Сарқырама» көпірінде болды.

Жедел қызметке 1996 жылы туған ер адамның көпір қоршауынан асылып тұрғаны туралы хабарлама келіп түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, ол ауыр күйзеліске ұшырап, өз-өзіне қол жұмсамақ болған.

Қызметінен кейін үйіне қайтып бара жатқан кинолог Достық Жақсылық көпірдегі күмәнді көрініске назар аударады. Бастапқыда ер адамды жай ғана серуендеп жүрген адам деп ойлағанымен, жақындай келе оның қоршаудың ар жағында, тек бір қолымен ұстап тұрғанын байқайды.

«Ондай сәтте ойланып тұруға болмайды – әрекет ету керек», – дейді ефрейтор.

Сабырлылық танытқан әскери қызметші ер адаммен тілдесіп, оның назарын басқа жаққа бұрып, тыныштандыруға тырысқан. Бұл уақытта көмекке келіп үлгерген тағы бір азаматпен бірге олар ер адамды көпірдің қауіпсіз жағына тартып шығарады.

Оқиғадан кейін құтқарылған азаматқа дереу медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Қазіргі таңда ол мамандардың бақылауында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: