Алматыда ер адам бұрынғы әйелін өлтірді, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Tengrinews.kz оқырмандары редакцияға алдыңғы аптада Алматыдағы емханалардың бірінің темекі шегетін бөлмесінде әйелге бұрынғы күйеуі шабуыл жасап, оған 8-10 рет пышақтаған. Оқырмандардың айтуынша, қылмыскерді сол маңдағы бизнес орталықтың жүргізушісі ұстаған.
Алматы полиция департаменті бұл ақпаратты растады.
«Алматы полиция департаментінің тергеу бөлімі бұл істі ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы («Қылмысқа дайындалу және оқталу») және Қылмыстық кодекстің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша тергеп жатыр», – деп хабарлады Алматы полиция департаменті.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тиісті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!