Бейсенбі, 08 қаңтар, 01:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№1, (2213)
06.01.2026
PDF мұрағаты

Енді әдемі нөмірді кезекке тұрмай, онлайн алуға болады

06.01.2026

123 0

Фото: Ашық дереккөз

5 қаңтардан бастап автокөлік иелеріне нөмірдегі сандар мен әріптерді қалауынша таңдау мүмкіндігі берілді. Бұл жаңалық жүргізушілер арасында үлкен қызығушылық тудырып, ел бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарында ұзын-сонар кезек пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Вице-министр Ростислав Коняшкиннің сөзінше, бір күнде 11 мың адамның ағылуына тек жаңа қызмет қана емес, мерекелік демалыстардан кейінгі жиналып қалған жұмыстар да әсер еткен.

«Егер қателеспесем, 5 қаңтар күні ел бойынша әдемі нөмірлерге 11 мыңға жуық өтініш берілді. Біз өз тарапымыздан дәл осы қызмет бойынша операторлар санын көбейттік. Бұл ажиотаж тағы 1-2 күн жалғасуы мүмкін, бірақ біз осы аптада eGov арқылы онлайн-режимді іске қосамыз».

Ростислав Коняшкин бұл жағдайдың цифрлық қызметтердің қаншалықты қажет екенін көрсетіп бергенін атап өтті. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: