Бейсенбі, 11 желтоқсан, 15:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94 (2206)
09.12.2025
PDF мұрағаты

Енді азаматтарға 1414 арқылы SMS-код жіберілмейді

11.12.2025

36 0

Фото: Ашық дереккөз

Қазақстанда мемлекеттік сервистерге кіру үшін бұрын пайдаланылған 1414 нөмірінен келетін SMS-кодтар толық тоқтатылды. Енді азаматтардың деректерін қорғау күшейтіліп, жүйелерге тек қауіпсіз балама тәсілдер арқылы кіруге болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Неге 1414 арқылы SMS-код жіберілмейді?

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Бас прокуратура ақпараттық қауіпсіздікті арттыру мақсатында 1414 нөмірінен жіберілетін кодтарды мемлекеттік сервистерде қолдануды тоқтатты.

Бұған дейін түрлі онлайн қызметтерге кіру үшін 1414 нөмірінен SMS-код келетін еді. Алайда бұл алаяқтардың жеке деректерді иемдену қаупін күшейтті. Сондықтан енді порталды немесе мемлекеттік жүйелерді пайдалану келесі тәсілдер арқылы ғана жүзеге асады:

  • Биометриялық аутентификация;
  • Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ);
  • eGov QR-коды арқылы кіру

Желтоқсан айынан бастап жаңа талаптарды орындамаған ақпараттық жүйелер 1414 шлюзінен ажыратылған.

Алаяқтардың құрбаны болған жағдайда не істеу керек?

  1. 112 нөміріне қоңырау шалып, полицияға дереу арыз беріңіз.
  2. Егер атыңызға рұқсатсыз несие рәсімделсе, қаржы ұйымымен бірден байланысыңыз.
  3. ЭЦҚ кілтін жоғалтқан жағдайда pki.gov.kz порталы арқылы жаңасын алыңыз.
  4. Телефон жоғалса, Mobile Citizen Database (мобильді азаматтар базасы) деректерін жаңарту қажет.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: