Жұма, 21 қараша, 13:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88, (2200)
18.11.2025
PDF мұрағаты

Енді бала туған аналар қанша теңге алатыны анықталды

21.11.2025

26 0

Фото: Арман Мухатов - архив

2025 жылы Қазақстанда мемлекеттік жәрдемақылар мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төленетін әлеуметтік төлемдермен барлығы 508 мың азамат қамтылды. Бұл мақсатқа жалпы 692 млрд теңге жұмсалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бала тууына берілетін жәрдемақы

2025 жылдың басынан бері республикалық бюджеттен 51,7 млрд теңге бөлініп, 286 мың адам бала туғаны үшін төлем алды. Тек қазан айының өзінде бұл жәрдемақыны 28,5 мың азамат (5,2 млрд теңге) алған.

Бұл төлемге Қазақстан азаматтары, қандастар, сондай-ақ елде тұрақты тұратын шетелдіктер үміткер бола алады.

Жәрдемақы мөлшері:

  • 1, 2, 3-балаға – 38 АЕК (149 416 теңге).
  • 4 және одан көп балаға – 63 АЕК (247 716 теңге).
  • Бала күтіміне берілетін жәрдемақы (1,5 жасқа дейін).

Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын азаматтарға арналған жәрдемақы:

  • 1-бала – 22 648 тг.
  • 2-бала – 26 777 тг.
  • 3-бала – 30 866 тг.
  • 4 және одан көп бала – 34 995 тг.
  • 2025 жылдың 10 айында бұл көмекті 124,7 мың адам (36,4 млрд теңге) алды.

Жүктілік пен босануға байланысты төлем

Жұмыс істейтін әйелдерге арналған бұл төлем 12 айдағы орташа кіріс пен еңбекке жарамсыздық парағындағы күндер санына қарай есептеледі.

Жыл басынан бері бұл төлемді 175,1 мың әйел алды. Жалпы төлем көлемі – 245,3 млрд теңге. 2025 жылы төлемнің орташа мөлшері – 1 457 321 теңге.

Бала күтімі бойынша төлем

Бұл төлем кірістен айырылуды өтеу үшін тағайындалады және соңғы 2 жылдағы орташа айлық жалақының 40%-ы ретінде есептеледі. Егер бірнеше бала дүниеге келсе, төлем әр балаға жеке есептеледі.

10 айда бұл төлемді 208,2 мың адам алды. Төлем сомасы – 358,6 млрд теңге. Ай сайынғы орташа төлем – 86 493 теңге.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: