Бейсенбі, 26 желтоқсан, 17:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Енді балағат сөз айтқаның үшін 69 мың теңге айыппұл төлейсің

09.01.2023

870 0

Ішкі істер министрлігі Қазақстанда 2023 жылдың наурыз айынан бастап қоғамдық орында балағат сөздер айтып, қорлап, ғимараттарды ластағандарға 69 мың теңге көлемінде айыппұл салынуы немесе 30 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Брифингте ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті департаменті бастығының орынбасары Азамат Күрімбаев 3 қаңтарда түзетулерге мемлекет басшысының қол қойғанын айтты. Құжатта Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерінің, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБК) бірқатар баптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда, ӘҚБтК-нің «Ұсақ бұзақылық» 434-бабымен толықтырылды. 

«Жаңа толықтыруда қоғамдық орындарда дөрекі сөздер айту, жеке тұлғаларды балағаттау және қорлау, ғимараттарды, құрылыстарды, тұрғын үй-жайларды, қоғамдық орындарды, көліктегі және қоғамдық орындардағы мүлікті қорлау және басқа адамдарға құрметсіздікті білдіретін осыған ұқсас әрекеттер қаралатын болады. Бұл қоғамдық тәртіпті және жеке адамдардың тыныштығын бұзатын ұсақ бұзақылық болып саналмақ”, – деді Азамат Күрімбаев. 

Департаменті бастығы түзетулерді алғаш ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң, яғни 2023 жылдың наурыз айының басынан бастап күшіне енетінін айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: