Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 02:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Енді балалар жалғыз өзі пойызбен сапарға шыға алады

03.06.2024

759 0

Сурет:stan.kz

«Жолаушылар тасымалының» өкілдері балалар үшін пойызға билет алу және отыру тәртібін түсіндірді. Компания 15 жастан асқан балалар жалғыз өзі пойызбен сапарға шыға алатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

15 жастан асқан бала өзі сапарға аттануы үшін ата-анасының рұқсаты туралы нотариалды куәландырылған сенімхат болуы керек.

Жеткіншектерге билет ересек адамдармен бірдей бағада алынады. Ал 15 жасқа толмаған ұл-қыздар пойызға тек ересектермен бірге міне алады.

7 жасқа дейінгі балалар үшін пойызға міну ақысы тегін, алайда оған бөлек орын қарастырылмайды. Ал 7-15 жастағы жасөспірімдер билетіне жеңілдіктер бар. Олар билеттің жарты бағасын төлейді.

Сондай-ақ бір топ баланы пойызбен тасымалдаудың да өз ережесі бекітілген. Топтағы әр он балаға бір ересек адам жауапты болуы керек. Олардың жанында бір медицина қызметкері болуы шарт.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: