Бейсенбі, 28 қараша, 11:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Енді банктер несиені өз есебінен ішінара немесе толық жауып тастайды

20.10.2023

1123 0

Қазақстанда енді ешкімнің кредиті кешірілмейді. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова айтты.

«2019 жылы кредит кешірілгеннен кейін еліміздің қаржы секторында кредит көлемі қайтадан өсті. Оның ішінде проблемалық кредиттер де артты. Егер мемлекет қаражатын бөліп, қайта-қайта (қазақстандықтардың кредитін – еск.) кешіре берсек, жаңа кредиттер көбейеді», – деді төраға Мәжілістегі Парламенттік тыңдаудан соң.

Осығай байланысты Қазақстанда коллекторлық агенттіктердің жауапкершілігі күшеймек.

«Енді олар заң бойынша проблемалық берешекті реттеудің міндетті рәсімін жасауы керек. Егер қарыз алушы банкке жүгінсе, ол осындай рәсімді өткізуге тиіс. Биылдан бастап рәсімді жүйелі түрде қолдану үшін Президенттің тапсырмасы бойынша барлық банк пен микроқаржы, коллекторлық ұйым жеке жобаларын әзірледі», – деді Мадина Әбілқасымова.

Ол проблемалық несиелерді қайтару бойынша жеке жоспар дайындалғанын мәлімдеді.

«Жалпы 1 миллион 449 мың адамды қамту жоспарланған. Бұл жоспарлар жаңартылады. Оның ішінде банктердің кредиттерді қайта құрылымдауы, қарызды ішінара немесе толық есептен шығару шаралары бар. Мысалы, адамның төлеуге қабілеті жоқ болса немесе қарыздың сомасы қатты үлкен болмаса, бірнеше жылға созылған проблемалық кредиті болмаса, онда банктер өз есебінен (қарызды – еск.) ішінара немесе толық жауып тастайды», – деді төраға.

Еске салайық, бұған дейін елде проблемалық қарызы бар тұрғындардың саны өсіп жатқаны хабарланған еді.

Ақпарат дереккөзі: massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: