Сейсенбі, 24 желтоқсан, 07:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Енді декреттік төлем 1 сағатта аударылады

27.01.2023

1451 0

Елордада Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. ҚазАқпарат агенттігі жиында талқыланған ең басты өзгерістерге шолу ұсынады.

5G ұялы байланысын орнату басталады

Бүгінде Қазақстан БҰҰ электронды үкіметтің дамуы индексі бойынша 28-орында тұр және цифрлық қызметтер бойынша субиндексте – 8 орында. Елімізде 40 мемлекеттік қызмет проактивті форматта көрсетіледі, 15 мемлекеттік қызмет Kaspi, Halyk, Freedom сияқты сыртқы платформаларға шығарылған.

Қазақстанда 6 290 ауылдық елді мекен бар, оның 4 858-і кең жолақты мобильді интернетке қосылған. 3G орнына 4-ші буынды байланыспен қамту жұмысы жүріп жатыр. Сондай-ақ технологиялық тұрғыда ескірген ADSL жоғары жылдамдықты технологияға ауыстырылады.

Сондай-ақ, 20 қалада 5G ұялы байланысын орнату жұмыстары басталады. Бұл жұмыс «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында жүргізіледі.

«Жобаның мақсаты – халық пен бизнесті 100 Мбит/секундтан кем болмайтын жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз ету. Ұлттық жобаның басты іс-шараларының бірі – 3 мың елді мекенге дейін оптика талшығын жүргізу. Яғни, мектептер, ауруханалар мен әкімдіктер сияқты әкімшілік ғимараттар туралы ғана емес, ең алдымен нақты үйлерді жоғары жылдамдықты интернетке қосу туралы айтып отырмыз», – деді министр Бағдат Мусин министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Цифрлық даму министрлігі Дүниежүзілік цифрландыру банкімен бірлесіп, интернетке қосуға, шағын және орта операторларды субсидиялауға арнайы гранттар береді.

Астанада «суперЦОН» ашылады

«Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мемлекеттік қызмет көрсетуінің клиенттік тәжірибесі негізінде біз тұрғындардың ХҚО-дан қызмет алған соң БЖЗҚ, коммуналдық кәсіпорындар, әкімдік сияқты басқа да инстанциялардың табалдырығын тоздыратынын түсіндік. Сондықтан азаматтардың барлық мәселесі бір жерде шешілуі үшін осы ұйымдардың барлығын бір ғимаратқа шоғырландырғымыз келеді», – деді министр.

Қазіргі уақытта министрлік Астана әкімдігімен және Президент Әкімшілігі басшылығымен азаматтарға жайлы әрі сапалы қызмет көрсету үшін біртұтас кеңістік, яғни суперХҚО ашуға уағдаластық жүргізген.

Сонымен бірге, халыққа қызмет көрсету орталықтарын жаңғырту жұмысы қолға алынған. Биыл 50 орталық жаңартылады. Ауылдық «Қазпошта» бөлімшелерінде қызмет көрсетуді ұйымдастырылады. Яғни, 1900-дан астам ауылдың тұрғындары қалаға шықпай-ақ, өз ауылында орналасқан «Қазпошта» филиалынан мемлекеттік қызметтерді алады. Бұл – кем дегенде 4 млн-нан астам ауыл адамына қолайлы мемлекеттік қызмет көрсетіледі деген сөз.

Оған қоса, ХҚО қызметкерлерінің жұмысын жақсарту мақсатында жасанды интеллект қолданатын дауысты виртуалды робот іске қосылады. Ол колл-орталық мәселелерін реттеуге көмектеседі.

Декреттік жәрдемақы алу мерзімі бір сағатқа дейін қысқарады

«Бізге «Invisible Government» тұжырымдамасы аясында тұрғындармен және бизнеспен өзара әрекеттесетін цифрлық инфрақұрылым құру міндеті қойылды. Адам өмірінің әрбір кезеңінде – туған сәтте, балалық шақта, жоғары оқу орнына түскенде, отбасын құрғанда мемлекетпен өзара іс-қимыл жасайды. Сондықтан біздің стратегиялық міндетіміз – әрбір өмірлік кезеңдегі әрбір жағдайды талдау, тұрғындарға барлық процесті қалыпты, түсінікті және ыңғайлы ету. Ол үшін фокус-топтар жиналып, нақты мемлекеттік органдар, цифрлық вице-министрлер тартылатын болады», – деді Бағдат Мусин.

Оның айтуынша, бизнес-процестерді қайта қарағаннан кейін оларды барынша проактивті қызметтерге көшіру жоспарлануда.

«Мысал ретінде өмірге бала әкелуді айтайын. Бұл процестегі негізгі проблемалар – кеңес алу үшін қайда бару керектігі, қалай тіркелу және босануға дейінгі жәрдемақыны алу туралы түсінік жоқ. Бұл мәселелер 50 адамнан тұратын фокус-топта анықталды, оның құрамында жүкті және босанған аналар болды. Түсініксіз процестер көп, ал ананың базалық қажеттіліктерін қанағаттандыру керек. Сондықтан туу туралы куәлікті алу және жәрдемақыны автоматтандыру ғана емес, басқа да процестер жүріп жатыр. Мысалы, босануға дейінгі төлемді алу үшін 15 күн кетеді. Биыл оны бір сағатқа дейін қысқартамыз», – деді министр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: