Қазақстандықтар үшін енді жұмысқа орналасу кезінде диплом міндетті болмайды. Бұл туралы ЖаңалықтарKZ телеграм каналында жарияланды.
Жұмысқа орналасу кезінде қызметкерлер дипломы бар-жоғына қарамастан тәжірибеде біліктілігін растауы тиіс және жұмыс берушіден сертификат алуы керек. Мұндай талаптар кәсіби біліктілік туралы заң жобасында бекітілетін болады.
Тамара Дүйсенованың сөзінше, «дипломның болуы біліктілік деңгейін растау болып саналмайды».
«Бұл көп жағдайда жастардың жұмысқа орналасуына кедергі болып жатады. Осыған байланысты ұлттық біліктілік жүйесін әзірлеу арқылы білім беру жүйесін жұмыс берушілердің талаптарымен байланыстыратын «Кәсіби біліктілік туралы» заң әзірленді», – дейді ол.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!