Жексенбі, 22 желтоқсан, 07:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Енді елімізде саусақ ізін тапсыру міндеттелмейді

29.11.2023

596 0

Енді елімізде саусақ ізін тапсыру міндеттелмейді

Сурет: Stan.kz

Қазақстанда дактилоскопиялық тіркеуді яғни саусақ ізін алуды міндеттеуді алып тастау жоспарланып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қолданыстағы ережелерге сәйкес, саусақ ізін тіркеу 2024 жылдан басталуы керек. Алайда норма қолданысқа енбеуі мүмкін. Бұл өзгеріс мәжілісте қаралып жатқан мемлекеттік корпорациялар мәселесі бойынша түзетулер жобасына енгізілген.

«Заң жобасының маңызды жаңалығы – 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап құжаттандыру үшін міндетті саусақ ізін алып тастау. Шешім көптеген өтініштерге, қауіпсіздік мәселелері бойынша азаматтардың конституциялық құқықтары үшін, сондай-ақ сарапшылардың пікіріне байланысты қабылданды. Саусақ іздері азаматтың өтініші бойынша қалады. Ал шетелдіктер үшін саусақ ізін алу міндетті болып қала береді», — деді мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: