Экология және табиғи ресурстар министрлігі киік мүйіздерін шетелге сатуға квота алу үшін CITES хатшылығына құжаттарды жіберді. Бұл туралы“Власть” порталы хабарлайды.
“Қазіргі уақытта халықаралық нарықта киікті, оның ішінде мүйіздерін коммерциялық пайдалануға нөлдік квота белгіленді. Халықаралық сарапшылардың ұсынысымен министрлік киіктерді республикадан тыс жерлерге сату мақсатында квота алу үшін қажетті құжаттарды дайындап, CITES Хатшылығына жібереді. CITES конвенцияларының келесі сессиясы 2025 жылы өтеді”, – деп мәлімдеді ведомство.
Әзірге «популяцияны реттеу нәтижесінде алынған» киік мүйіздері «Охотзоопром» МКК бас кеңсесінде сақталады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!