Жексенбі, 22 желтоқсан, 22:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Енді мектеп оқушылары аттестатпен бірге колледж дипломын ала алады

11.07.2023

913 0

Жаңа оқу жылынан бастап еліміздің барлық аймағында колледждер базасында жоғары сынып оқушыларына жұмыс біліктілігін беру бойынша пилоттық жоба іске қосылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаменті мәлімдеді, деп хабарлады ведомство Telegram-дағы ресми арнасында. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, жаңа білім беру бағдарламасы 10-11 сынып оқушыларына өз мектебінде білім ала жүріп, колледждерде жұмысшы мамандықтарын қатар меңгеруге мүмкіндік береді. «Қазіргі уақытта 16 жұмысшы мамандығы анықталды. Оқыту күніне 2 сағаттан тұрады. Бүгінгі таңда еліміздің әр өңірінен 2 колледж нақтыланды. Онда оқушылар кәсіби дайындықтан өтеді», – дейді Оқу-ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Ернат Жүнісов. Пилоттық жобаға алғаш болып Ақмола облысының оқушылары қатысады. Олар Көкшетау қаласының Құрылыс-технологиялық колледжі мен Степногорск қаласының жоғарғы колледжі базасында білім алатын болады. «Биыл пилоттық жобаға Көкшетау қаласының екі мектебі қатысады. Оқушылар аспаз, наубайшы, сәндік-қолданбалы өнер және дәнекерлеуші мамандығын оқиды. Степногорск қаласында 9 мектеп бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Бұл мектептердің түлектері «Интерьер дизайны» және «автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандықтары бойынша білім ала алады. Колледжде білім беру процесін жүргізу үшін білім беру бағдарламасы әзірленді, педагогтер дайын, арнайы пәндер шеберханалары мен кабинеттері жабдықталған», – дейді Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Шоқан Оразалин. Ведомство ақпаратынша, оқуды аяқтағаннан кейін оқушылар мектеп аттестатымен қатар колледж дипломын алып, еңбек нарығына шыға алады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: