Бейсенбі, 26 желтоқсан, 14:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Енді онлайн несие рәсімдеу тәртібі қиындайды

29.10.2024

742 0

Сурет:ашық дереккөз

Қазақстанда жаңа жылдан бастап онлайн несие рәсімдеу тәртібі қиындайды. Бұл туралы Информбюро бағдарламасы хабарлайды. 

Себебі жаңа жылдан бастап банктер онлайн несие рәсімдеу үшін өтінімді түскен бойда мақұлдай алмайды, кемі бір күн өтуін күтеді. Осылайша, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тұтынушыларды алаяқтардан қорғауды көздеп отыр.

Сондай-ақ, онлайн несиеге өтінім берген тұтынушы биометриялық сәйкестендіруден өтіп қана қоймай, жеке басын растау үшін электрондық цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) қолдануға міндетті. Бұл тәртіп банк клиенттерін алаяқтардан қорғаудың бір амалы. Сонымен қатар микроқаржы ұйымдары ақшаны аударғанға дейін банк шотының немесе төлем картасының тұтынушыға тиесілі екенін тексеруі шарт. Әрі банктер онлайн несие алуға қатысты түскен өтінімді сол сәтте-ақ мақұлдай алмайды. Өйткені, қаржы нарығын реттеу агенттігі кемі бір күн күтуге кеңес берген. Демек, сұранымды бөгде адам жолдаса, тұтынушы несиеден бас тарта алады.

Жаңа ережелер алаяқтар құрған қақпаннан құтқарса да, негізгі проблеманы шешпейді деді сарапшылар. Экономист Жангелді Шымшықов халықтың шамадан тыс несиелену мәселесі қандай да бір шектеу не тыйым салу арқылы шешілмейтінін айтады. Оның пікірінше, ел тұтынатын тауар қолжетімді болғаны абзал, ал ол үшін тұтынушылық несие әлем елдеріндегідей 2-3 пайызбен берілуге тиіс. 

“Бүкіл әлем бойынша 2-3 пайыз тұтынушылық несие. Енді сен тұтынушылық несиеге кіріп кеттің, 30-35 пайыз. Бітті саудаң. Одан кейін сен тағы бір кредит аласың. Енді қазір оны доғарамыз деп жатыр ғой. Бірақ дегенменде қазаққа оның жолын табу оңай. Сенің атыңа, мына кісінің атына, ана кісінің атына сөйтіп бір-біріміздің атымызға жазып бәрібір ала береміз”, – дейді Жангелді Шымшықов. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: