Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 12:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Енді орташа жылдамдық үшін де айыппұл салынады

13.01.2023

1053 0

ІІМ министрінің орынбасары Қазақстанда қала сыртындағы автожолдарда көлік қозғалысының «орташа жылдамдығын» анықтауды енгізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бұл мәселе қозғалды.

ІІМ Министрінің орынбасары Игорь Лепеханың айтуынша, орташа жылдамдықты анықтау қала маңындағы автожолдарда қажет, өйткені мұндай үлкен учаскелерде жылдамдық өлшегіштерді қосуға мүмкіндік жоқ.

Орташа жылдамдық жолдың бір нүктесінен екінші нүктесіне дейін өлшенеді. Ережені сақтамағандарға бір рет жылдамдықты асырғаны үшін емес, жолдың бүкіл бөлігінде жылдамдық режимін сақтамағаны үшін айыппұл салынады.

«Шартты түрде айтсақ, Астанадан Қарағандыға қарай шығатын жолда, Теміртауға кіре берісте жазу тұр, яғни сағатына 140 шақырым жылдамдықпен жүруге рұқсат етілген. Есептеу керек. Бір бағанадан екіншісіне шартты түрде 1,5 сағатта келуі керек. Егер бір сағатта келген болсаңыз, онда жоғары жылдамдықпен жүргізгеніңіз анық. Бұл тақырып депутаттармен талқыланды”, – деді Лепеха.

Депутаттардың бір бөлігі жаңа бастаманы қолдады. ІІМ өкілінің айтуынша, бұл жол-көлік оқиғасының алдын алады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: