Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 21:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Енді қант қымбаттамай ма?

06.09.2022

1777 0

Биыл қант қатты қымбаттап кетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселені шешу үшін Үкімет басшысына арнайы тапсырма берген еді. Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов қант қымбатшылығы мен тапшылығын жою үшін қандай шешім қабылданғанын айтты.

Үкімет қантты қымбаттатпау үшін ең төменгі бөлшек сауда бағасын белгілеуді тапсырды. «Біз қант тапшылығы мен оның қымбаттауына қатысты халық­тың наразылығын көріп отырмыз. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы тарапынан да әділ сын айтылды. Осыған байланысты аталған саланы дамыту бойынша Кешенді жоспар әзірленді», – деді Премьер-министр.

Бірінші кезекте қант зауыт­тарының отандық шикізатпен қам­­тамасыз етілуі маңызды. Бұл мақсатта егіс алқаптары 11,5 мыңнан 38 мың гек­тарға дейін, яғни 3 есеге ұлғаймақ. Премьер-министрдің айтуынша, бұл ал­­дағы 5 жылда отандық шикізаттан қант өндіру көле­мін жыл сайын 250 мың тоннаға дейін жет­кізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар елдегі қант зауыттары жаңғыртылып, өнді­рістік қуаты  да артпақ. «Қант бағасына қатысты түрлі манипу­ляциялардың алдын алып, алып­сатарлық пен қажетсіз дел­далдарды анықтау қажет. Сауда министрлігіне ішкі нарықты демпингтен қорғау үшін қантқа ең төменгі бөлшек сауда бағасын белгілеу мәселесін пысықтауды тапсырамын», – деді Ә.Смайылов Үкімет отырысында.

Үкімет басшысы ауыл шаруа­шылығы министрлігі мен сауда министрлігіне «Бәйтерек» холдин­гімен бірлесіп, қант зауыттарын жаңғырту және шикізат сатып алуға айналым қаражатын толықтыру үшін жеңілдікпен несие беру мәселесін пысықтауды тапсырды. Өз кезегінде зауыттарға қант бағасының күрт өсуіне жол бермеу бойынша қарсы міндеттемелер белгіленеді.

Өз сөзінде Премьер-министр елде қант тапшылығы жойылғанын, қордың жеткілікті екенін, сондықтан өңірлерде дүрлігуге негіз жоқ екенін де айтты.

А.БІРКЕНОВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: