Енді «ЦОН» мобильді қосымшасында қазақстандықтар автокөлікке арналған мемлекеттік нөмірді онлайн таңдап, тапсырыс бере алады. Азаматтар қалаған сериясы мен нөмір комбинациясының қолжетімділігін тексеріп, мемлекеттік қызмет төлемін төлеу арқылы рәсімдей алады, – деп хабарлайды kursiv.media
Өтініш беру бірнеше минутты алады: қолданушы қосымшада цифрлар мен әріптер комбинациясын енгізеді, ал жүйе оның мәртебесін автоматты түрде тексереді. Өңір автоматты түрде азаматтың тіркелген мекенжайына сәйкес анықталады. Нөмірлік белгі бос болған жағдайда өтінім беруші төлем жасап, дайын нөмірлік белгіні алу үшін ыңғайлы бөлімшені таңдай алады.
«Қызмет ҚР Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған. Бұл таңдалған мемлекеттік нөмірдің бос немесе бос еместігін бірден тексеруге мүмкіндік береді. Жүйе енгізілген нөмір комбинациясының мәртебесін автоматты түрде көрсетеді», – делінген хабарламада.
2026 жылы қызмет құны (1 МРП = 4 325 теңге):
- Кез келген қалаған комбинация (VIP емес): 10 АЕК (43 250 теңге)
- «Айна» нөмірлер (мысалы, 101, 707): 15 АЕК (64 875 теңге)
- Элиталық сериялар (001–009, 777): 228 АЕК (986 100 теңге) – 285 АЕК (1 232 625 теңге), әріптік комбинацияға байланысты
ҚР ІІМ нөмірді таңдау ережелеріндегі өзгерістер
Еске салайық, 2026 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда көлік жүргізушілеріне сұранысы жоғары, бірдей немесе қайталанатын сандары бар мемлекеттік нөмірлерді ғана емес, сонымен қатар VIP санатына жатпайтын кез келген комбинацияға тапсырыс беруге алады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
