Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 07:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Енді қазақстандықтар бір мезетте бірнеше банктен несие ала алмайды

27.04.2022

1069 0

Қазақстандықтардың несиесі туралы ақпарат енді бір күннің ішінде бірыңғай базаға енгізіледі. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Дания Еспаева «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасын мақұлдау барысында мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Бүгінде несие алу саласында көптеген алаяқтық жағдайлары көп кездеседі. Әрбір қаржылық ұйым немесе екінші деңгейдегі банктер берілген несиелер туралы кредиттік бюроға жолдайды, онда берілген несиелердің базасы 15 күннің ішінде қалыптасады. Біздің түзетулерге сәйкес, несие беру ақпараттары бір күннің ішінде тіркеледі. Енді, бір-екі күннің ішінде 5-6 банкте бір мезгілде несие алуға тырысқан адамдарда мұндай мүмкіндік болмайды», – деді Еспаева.

Егер түзетулер мақұлданса, онда бірінші несиелік бюро азаматтың несиеге рұқсат алғанын жазады. Ал бюродан кейін адамның қарыз жүктемесі есептелетін болады. Қарыз алушының табысы жеткіліксіз деп танылған жағдайда, оған басқа несие беруден бас тартылады. Бұл, Дания Еспаеваның айтуынша, интернеттегі алаяқтықты да жоюға мүмкіндік береді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: