Жексенбі, 22 желтоқсан, 16:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Енді қазақстандықтардың өзімен бірге құжаттарын алып жүрудің қажеті жоқ – Министр

31.03.2022

1736 0

Жеке куәлік және тағы басқа цифрлық құжаттар Kaspi және Halyk Bank мобильді қосымшаларында қолжетімді болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.

«Былтырғы жылдың соңынан бері «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, Kaspi және Halyk мамандарымен бірлесіп Цифрлық құжаттарды мобильді қосымшаларға шығару жұмысын атқарып жатырмыз. Бүгін осы мүмкіндік ресми түрде іске қосылады», – деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Министрдің мәліметінше, қазір 10 миллион қазақстандық тұрақты түрде Цифрлық құжаттар сервисін қолданады.

«Бұл өте ыңғайлы – өзіңмен бірге құжаттың түпнұсқасын алып жүру қажет емес. Бүгіннен бастап сервис Kaspi.kz және Halyk Homebank қосымшаларында қолжетімді. Себебі халық мемлекеттік қызметтерге біздің ғана емес, өздеріне ыңғайлы, күнделікті қолданатын арналары арқылы қол жеткізгенін қалаймыз», – деп атап өтті Мусин.

Бұл функционал азаматтың өз келісімі болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: