Жексенбі, 19 қазан, 18:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79, 2191
18.10.2025
PDF мұрағаты

Енді қажылыққа бару тәртібі қатаңдайды

19.10.2025

48 0

Фото: ҚМБД

Сауд Арабиясы 2026 жылдан бастап қажылыққа бару ережелерін күшейтеді. Енді виза тек Nusuk платформасы арқылы, ресми медициналық анықтама негізінде ғана берілмек. Денсаулығы қажылыққа баруға жарамсыз деп танылған адамдарға рұқсат берілмейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қажылықты ұйымдастырумен айналысатын министрліктер мен мекемелер енді әрбір үміткерді мұқият медициналық тексеруден өткізуге міндетті. Бұл қажылық парызын өтеуге кедергі келтіретін жағдайларды алдын ала анықтау мақсатында жасалады.

Сауд Арабиясы денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүйрек жеткіліксіздігі (диализ қажет ететін), жүрек жеткіліксіздігі, тұрақты оттегін қажет ететін өкпе аурулары, бауыр циррозының ауыр түрі, психикалық немесе неврологиялық бұзылулары бар, сондай-ақ кәрілік деменцияға шалдыққан адамдар қажылыққа бара алмайды.

Сонымен қатар жүктіліктің соңғы триместріндегі әйелдер мен жүктілігі асқыну қаупі жоғары аналарға да сапарға шығуға тыйым салынады. Туберкулез, геморрагиялық қызба және басқа да жұқпалы аурулармен ауыратындар, сондай-ақ химиотерапия немесе иммуносупрессивті ем алып жүргендер де қажылыққа қабылданбайды.

Қажылық министрлігі жаңа талаптарды бұзған немесе жалған ақпарат берген азаматтарға қатысты қатаң шаралар қолданылатынын ескертті.

Ал қажылық пен умраны ұйымдастыру жөніндегі ұлттық кеңес қажыларды жаңа ережелерді қатаң сақтауға шақырып, бұл талаптар қажылыққа қатысушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталғанын атап өтті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: