Сенбі, 18 қаңтар, 00:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№3-2116
14.01.2025
PDF мұрағаты

Енді Қызылорда мен Арал арасындағы тасжол ақылы болады

17.01.2025

101 0

obk.kz

Қызылорда мен Арал арасындағы ұзындығы 455 шақырым болатын E38 тасжолы енді ақылы болады. Тиісті бұйрық 26 қаңтардан бастап күшіне енеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Көлік министрлігінің мәліметінше, жол тек автобус пен жүк көліктері үшін ақылы болады. Жеңіл автомобиль үшін трасса әзірге тегін.

Жол ақысының мөлшері:

  • 16 орынға дейінгі автобус және 2.5 тоннаға дейін жүк көтеретін көлік үшін кейінгі төлем бойынша – 0.8478 АЕК (3334 тг) немесе алдын ала төлем бойынша – 0.7205 АЕК (2833 тг).
  • 32 орынға дейінгі автобус және 5.5 тоннаға дейін жүк көтеретін көлік үшін кейінгі төлем бойынша – 1.7145 АЕК (6741 тг) немесе алдын ала төлем бойынша – 1.4572 АЕК (5730 тг).
  • Орын саны 32-ден асатын автобус және 10 тоннаға дейін жүк көтеретін көлік үшін кейінгі төлем бойынша – 2.5623 АЕК (10 075 тг) немесе алдын ала төлем бойынша – 2.1777 АЕК (8563 тг).
  • 10-15 тоннаға дейін жүк көтеретін көлік үшін кейінгі төлем бойынша – 3.4290 АЕК (13 483 тг) немесе алдын ала төлем бойынша – 2.9144 АЕК (11 459 тг).
  • Тіркемесі бар ершікті тартқышты қоса алғанда, 15 тоннадан көп жүк көтеретін көлік үшін кейінгі төлем бойынша – 4.2768 АЕК (16 816 тг) немесе алдын ала төлем бойынша – 3.6349 АЕК (14 292 тг).

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: