Бейсенбі, 26 желтоқсан, 21:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Енді ұзақ жолда тынықпай рөлде отыратын жүргізушілерге айыппұл салынады

29.09.2024

395 0

Елімізде ұзақ жолда тынықпай тізгінде отыратын автобус және жүк көлігінің жүргізушілеріне жаппай айыппұл салынуда. Олар төрт миллион теңгеден астам айыппұл арқалаған. Көлік министрлігі трассаларда рейдтік шаралар жалғасатынын ескертті. Бұл туралы “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасы хабарлайды. 

Қалалар арасында жолаушы тасымалдайтын қоғамдық көлік жүргізушілеріне 9 сағаттан артық жүруге болмайды. Олар төрт жарым сағат сайын 45 минут демалу керек. Ал, ережені елемеген жүргізушілер көліктегі тахограф құрылғысы арқылы белгілі болған.

Автобустар мен жүк көліктеріндегі бұл құрылғы автомобильдің жылдамдығын, жүріп өткен жолын анықтауға мүмкіндік береді. Ал автобус тізгіндейтін азаматтар өздерінің үзіліс жасайтынын, керісінше күні-түні адам таситын такси жүргізушілерін қатаң бақылау керек екенін айтты.

“Біз уақытымен демаламыз. Халықты аман-есен қалаға жеткізу ғой мақсатымыз. Сол үшін демалып жүреміз”, “Мысалы Алматы бағытына екі жүргізуші болады. Әрқайсысының бөлек жол қағазы, медициналық бақылау қағазы болады. Индрайверде жүретіндерде алыс жолға бір шофер болады. Өйткені оларда орын аз. Екінші шофер алмайды. Соларды тексерсін”, – деді жүргізушілер. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: