Сәрсенбі, 04 ақпан, 11:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№9 (2221)
03.02.2026
PDF мұрағаты

Енді зейнетақы тағайындау кезінде әкелердің декреттік демалысы ескеріледі

04.02.2026

56 0

Фото: shutterstock

Елімізде жұмыс істемейтін әкелердің декреттік демалысы зейнетақы тағайындау кезінде есепке алынады. Мәжіліс еңбек жағдайларын жетілдіру және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау туралы заңды бірінші оқылымда мақұлдады, – деп хабарлайды  kursiv.media

Қабылданған заң аясында кәмелет жасына толмаған балаларға нақты күтім жасаған уақыт енді жұмыс істемейтін әкелердің жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде еңбек өтіліне есептелетін болады. Тиісті нақтылаулар Конституциялық соттың нормативтік қаулысын іске асыру мақсатында Әлеуметтік кодекске енгізіледі.

«Жалғызбасты аналар» ұғымы болмайды

Сонымен қатар депутаттардың ұсынысы бойынша жұмыс берушінің бастамасымен жалғызбасты ата-аналарға (жынысына қарамастан) қатысты еңбек шартын бұзуға тыйым салынады. Осыған байланысты «жалғызбасты аналар» ұғымы «жалғызбасты ата-ана» деп өзгертіледі.

Бұдан бөлек, мәслихаттардың құзыреті типтік ережелер негізінде «Облыстың (қаланың, ауданның) «Құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын әзірлеу және бекіту бойынша толықтырылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: