Бейсенбі, 30 қаңтар, 10:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№ 7, 2120
28.01.2025
PDF мұрағаты

Ең жоғары экономикалық өсім көрсеткен өңірлер аталды — Үкімет отырысы

28.01.2025

219 0

Фото: freepik.com

Бүгін былтырғы жылдың қорытындысына арналған Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов өңірдердің экономикалық өсіміне түсінік берді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

— Өңірлер бөлінісінде өткен жылдың қорытындысы бойынша ең жоғары экономикалық өсім Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Астана және Шымкент қалаларында тіркелді. Негізгі көрсеткіштердің төмен динамикасы Ұлытау, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында қалыптасты, — деді Олжас Бектенов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2024 жылы экономика 4,8 пайызға өсті. Ауыл шаруашылығында 13,7 пайыз, құрылыста — 13,1, саудада — 9,1, көлік саласында 8,5 пайыз деңгейінде өсімге қол жеткізілді. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 5,9 пайызға ұлғайды. Аграрлық сектор мен өңдеуші салада соңғы 10 жыл ішіндегі ең қарқынды өсім тіркелді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: