Сенбі, 07 маусым, 17:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№41 -2154
03.06.2025
PDF мұрағаты

Еңбек адамы – қоғамның тірегі

23.05.2025

52 0

Қазіргі уақытта еңбек адамы деген сөз көп айтылып жүр. Оның түпкі мағынасы не? Мені де қызықтыра түсті.  Бүгінгі заманда еңбек адамы, ең алдымен таза жұмыс істейтін адам. Табысын маңдайындағы терін  төгіп тұрып елі үшін жұмыс атқаратын адамды “еңбек адамы» дей аламыз. Соның ішінде қаламыздың гүлденуіне үлес қосып жүрген жандар бар. Олар әрине,

гүл өсірушілер.  

Дүкеннен келе жатып, әдемі көрініске көзім түсті. Ол кісілер үнсіз ғана еңбек етіп жатыр. Тез арада осы кісілер жайлы ой жазуым қажет дедім.

Гүл өсіріп қана қоймай, қаланы көркейтіп жатқан жандар.

Қоғам дамуының, ел болашағының іргетасын қалап отырған – еңбек адамдары. Олар  көзге көп көрінбесе де, күнделікті тіршіліктің барлық саласында тынымсыз еңбек етуде. Солардың бірі – табиғатпен үндесе отырып, әсемдік пен нәзіктікті адамзатқа сыйлап жүрген гүл өсіруші еңбек адамдары.

Гүл өсіруші еңбек адамдарының күнделікті өмірі – топырақ қопсытудан, тұқым себуден, көшет отырғызудан, суарудан, зиянкестермен күресуден, қысқа дайындаудан тұрады. Бұл – бір қарағанда қарапайым тірлік сияқты көрінгенімен, үлкен жауапкершілікті, ғылым мен тәжірибені, табиғат заңдылықтарын терең түсінуді талап етеді.

Көп жағдайда еңбек адамдары қоғамда аса көзге түсе бермейді. Олар даңқ пен марапатты емес, істің нәтижесін қуады. Бірақ дәл солар – ел экономикасының қозғаушы күші. Ел Президентінің «Қарапайым еңбек адамы – ел тірегі» деп атап өтуі тегін емес.  Олар – «Еңбек бәрін жеңбек» деген қағиданы өмірлік ұстаным еткендер.

Маман Сымбат,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің

Журналистика мамандығының 1-курс студенті

                     

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: