Жұма, 31 қазан, 22:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82,2194
29.10.2025
PDF мұрағаты

Еңбек мигранттары: Қазақстанға негізгі жұмыс күші қай елден келетіні белгілі болды

31.10.2025

79 0

Фото: МИД РК

2025 жылғы 31 қазанда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев еңбек көші-қонын реттеу тетіктерін жетілдіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, биыл шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота 19,4 мың адам көлемінде белгіленген. Соның ішінде 14,7 мың адамды заңды тұлғалар нақты тартып үлгерген.

«Қазақстанға еңбек мигранттарын жіберетін негізгі елдер: Қытай – 5330 адам, Өзбекстан – 2682 адам, Түркия – 1046 адам. Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп шетелдік жұмысшылар мына салаларда еңбек етеді: құрылыс – 4929 адам, ауыл шаруашылығы – 3140 адам, тау-кен өндірісі – 1240 адам. Ал үй шаруашылығына шетелдік жұмысшыларды тартуға арналған квота жұмыс күші санының 2,9%-ы, яғни 237,8 мың адам көлемінде белгіленген. 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 132,5 мың адам еңбек қызметін жүзеге асырып жүр: 124,1 мыңы – Өзбекстаннан, 7,1 мыңы – Тәжікстаннан, 1,2 мыңы – Әзербайжаннан,» – деді Ертаев.

Сонымен қатар, оның айтуынша, маусымдық шетелдік жұмысшыларға арналған мамандықтар тізімі кеңейтілген – бұрынғы алты мамандықтың орнына енді он мамандық енгізілді. Олардың қатарына құрылыс, абаттандыру және қызмет көрсету салаларындағы біліктілігі жоқ жұмысшылар қосылды.

«Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған жалпы квота мөлшері 0,2%-дан 0,25%-ға дейін ұлғайтылды, ал еңбек иммигранттарына арналған квота 3%-дан 2,9%-ға дейін төмендетілді. Сондай-ақ, заңды тұлғалар тарта алатын шетелдік басшылар мен олардың орынбасарларының саны шектеледі – әрбір лауазым бойынша бір адамнан артық болмайды. Бұдан бөлек, қазақстандық қызметкерлердің кәсіби дайындығын арттыру мақсатында шетелдік тәлімгерлерге қойылатын талаптарды күшейту үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларына өзгерістер енгізілуде. Алдағы уақытта шетелдік жұмыс күшін және еңбек иммигранттарын тарту тетіктері қайта қаралып, квоталау рәсімдері жетілдірілмек», – деп қорытындылады вице-министр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: