Ақтөбелік құтқарушылар өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің алдын алды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақтөбеде ер адам тоғыз қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатынан секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған.
Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары мас тұрғынмен келіссөз жүргізді. Сонымен бірге, уақытты жоғалтпай, оны құтқару операциясына кірісті.
Оқиға орнында жедел-құтқару жасағы мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеді. Ер адам полицияға тапсырылды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!