Жұма, 08 қараша, 03:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88-2098
05.11.2024
PDF мұрағаты

Ер адам әйелі мен ұлына қару кезеген

20.12.2023

629 0

Фото: massaget

Батыс Қазақстан облысында ер адам әйелі мен 20 жастағы ұлына қару кезеп қорқытқан, – деп хабарлайды Massaget.kz .

Оқиға 17 желтоқсанда болған. Бөрлі ауданының полициясына әйел адам күйеуі қарумен келгенін айтқан.

Оқиға орнына келген полицейлер ер адам жергілікті дүкендердің бірінде әйелі мен 20 жастағы ұлын қорқытып тұрғанын анықтаған. Жедел-іздестіру шарасының барысында 52 жастағы ер адам ұсталды. Ол сараптама қорытындысы бойынша мас болған. 

Күдіктіден қару тәркіленді. Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды. Ерлі-зайыпты ажырасып жатқаны анықталды. 

Күдіктінің сөзінше, әйелі оның атынан бірнеше несие алып тастағандықтан осындай әрекетке барған. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: