Сейсенбі, 24 желтоқсан, 06:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ер адам әйелін пышақтап, артынша өзін жарақаттаған

19.03.2024

920 0

Сурет:stan.kz

Түркістан облысында ер адам әйеліне пышақпен шабуыл жасап, артынша өзін жарақаттаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сайрам ауданында ерлі-зайыптылар арасында жанжал болып, ер адам әйелін пышақтаған. Сосын ол жарақат алған әйелін көлікке салып, бірге Шымкентке қарай бет алған.

Ер адамды ұстауды «Арлан» арнайы жасағы қолға алды. Ер адам «Асар» шағын ауданында ұсталды. Ол өзіне бірнеше рет пышақ сұққан. Оқиға орнына екі жедел жәрдем көлігі келіп, жараланған ерлі-зайыптыларды алып кетті.

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 35 жастағы ер адамнан мидың шайқалуы, іш қуысының ашық пышақ жарақаты, жабық бассүйек ішілік жарақаты анықталды.

Әйелдің жағдайы әзірге белгісіз. Түркістан облысы полиция департаменті, жағдайға қатысты әзірге пікір білдірген жоқ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: