Сәрсенбі, 03 шiлде, 10:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52-2062
02.07.2024
PDF мұрағаты

Ер адам автобус жүргізушісін пышақтап кеткен

13.05.2024

329 0

Сурет: stan.kz

Алматыда 10 мамыр күні кешке К. есімді 66 жастағы автобус жүргізушісі пышақ жарақатын алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға Жандосов көшесі мен Рысқұлова даңғылының қиылысында жүргізуші №52 автобусты жөндеп жатқан кезде болған.

Тергеу деректері бойынша, 58 жастағы Д деген азамат К-мен жанжалдасып қалған. Жанжал кезінде Д ер адамның ішіне пышақ сұғып алған. Жәбірленушінің жағдайы туралы мәлімет жоқ.

Алайда полицейлер күдіктіні ұстап, пышақты тәркілеген. Қазір ер адам уақытша ұстау изоляторында.

Еске салайық, 2023 жыл 22 желтоқсан күні Алматыда автобус бір топ жаяу жүргіншіні қағып кетіп, салдарынан 3 адам қаза тапқан еді. Полиция мәліметінше, 47-бағыттағы автобустың жолаушысы жүргізуші әйелді ұрған. Салдарынан жүргізуші есінен танып, көлікті басқара алмай қалған. Полиция автобус жүргізушісін ұрған жолаушыға қатысты қылмыстық іс қозғаған еді. Сотталушы “бұзақылық” бойынша ғана кінәсін мойындайтынын айтты. 

Жоғарғы сот автобус жүргізушісін ұрып, үш адамның өліміне себепші болған ер адамға қатысты сот отырысын тікелей эфирде өткізетінін мәлімдеген.  

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: