Бейсенбі, 26 желтоқсан, 19:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Ер адам кәмелетке толмаған қызды зорлаған

21.05.2024

532 0

Сурет:pixabay.com

Павлодарда 51 жастағы ер адам кәмелетке толмаған қызды зорлаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Іс Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жабық есік жағдайында қаралды. Белгілі болғандай, оқиға 2023 жылдың шілде айында болған. Тергеу мәліметінше, кәмелетке толмаған қыз павлодарлық дәмханалардың бірінде тәжірибеден өтіп, ол жерде аспаз болып жұмыс істейтін ер адаммен танысқан.

Ер адам мен қыз әлеуметтік желі арқылы сөйлесіп жүрген. Артынша ер адам қызға бірге тұруға ұсыныс жасаған. Қыз ұсынысты қабылдапты. Екеуі дастархан жайып, ішімдік ішкен. Артынша жәбірленуші ұйқтамақ болғанда, ер адам оны зорлаған.

 «Жәбірленушіні өзінің достары зорланғанын айтып, көмек сұрағанын ұялы телефонындағы хабарламаарын көреткен. Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, сот сараптамасының қорытындыларымен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен дәлелденді «, – деп атап өтті Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Құдабай Сұлтанов.

Сотта 51 жастағы ер адам өз кінәсін мойындамады. Ол қыздың кәмелетке толмағанын білмегенін айтты.

Іс бойынша мемлекеттік айыптаушы 16 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленушінің өкілі мен жәбірленушінің өзі мемлекеттік айыптаушыны толық қолдады.

«Оны Қылмыстық кодекстің 120-бабының 3-1-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танып, 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», – деді судья.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: