Дүйсенбі, 15 желтоқсан, 00:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№95 (2207)
13.12.2025
PDF мұрағаты

Ер адам кофехананың есігін бұзғаны үшін 10 тәулікке қамалды

14.12.2025

71 0

Фото: Полиция кадрларынан скрин

Астанада мас күйінде түн ортасында кофехананың бірінің есігін бұзып ашқан ер адам 10 тәулікке қамауға алынды . Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Астананың полициясының мәліметінше, оқиға Кошқарбаев көшесіндегі кофеханада болған. Видео кадрларында мас ер адам кіреберіс есіктің құлпын бұзып ішке кірген. Алайда ештеңе алмай кейін қайта шығып кеткен. 

Оперативтік іс-шаралар барысында 45 жастағы мас күйдегі ер адам ұсталды. Сот шешімімен құқық бұзушы бөтен мүлікті қасақана зақымдағаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды.

Жыл басынан бері елордада осындай 251 оқиға тіркелген. олардың 136-сы бойынша құқық бұзушылар қамауға алынған. Сонымен қатар, 3300-ден астам жеңіл бұзақылық фактілері тіркеліп, 1,5 мыңнан астам жағдайда сот қамау шарасын қолданған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: