Жексенбі, 24 қараша, 04:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Ер адам танысын зорлап, балконнан лақтырып жіберген

21.04.2024

710 0

Сурет:massaget.kz

Ақтөбеде сот адам өлтіру және зорлау бойынша ер адамға үкім шығарды, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Елді дүрліктірген қылмыс 2023 жылы 8 маусымда Тургенев көшесіндегі 12 қабатты үйде болған. Басылым мәліметінше, 19 жастағы Әйгерім пәтерде танысымен бірге болған. Сот үкімінен оның қызды зорлап, кейін жетінші қабаттан құлатуды ұйғарғаны белгілі болды.

Әйгерім балконның ағаш жақтауынан ұстанып қалған, ал ер адам бұл кезде қыздың қолынан ұрған. Осы соққылардан кейін Әйгерім құлап, алған жарақатынан сол жерде көз жұмды.

Сот зорлау және адам өлтіру бойынша айыпталушыны 18 жылға бас бостандығынан айырды.

Сот зорлау және адам өлтіру бойынша айыпталушыны 18 жылға бас бостандығынан айырды.

Бұған дейін марқұмның ГМЗ ауданында тұратыны, №15 мектепті бітіргені, жоғары оқу орнында оқығаны хабарланған болатын. Бастапқыда полицейлер зорлау және өзін өлтіруге дейін жеткізу баптары бойынша қылмыстық іс қозғаған. Бірақ тергеу барысында тағы да жантүршігерлік жайттар белгілі болды, Әйгерімнің өлу ниеті болмағаны, керісінше өмірі үшін күрескені белгілі болды. Әйгерім туралы БАҚ-қа мәлімдеген ең жақын құрбысы да өз-өзіне қол жұмсау нұсқасына сенбеген, ол дұрыс болып шықты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: