Қостанай облысы Рудный қаласында мас ер адам спорт алаңында жасөспірімдерге шабуыл жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Белгілі болғандай, 10 қыркүйек күні 13 жастағы жасөспірімдер футбол ойнап жүргенде, ойын алаңына мас ер адам кіріп кеткен. Балалар шығып кеткісі келгенімен, мас қала тұрғыны олардың бірін қуып жетіп, тізесі мен жақ тұсынан соққы берген. Баланың миы шайқалып, ауруханаға жеткізілді, дәрігерлер оның жағдайын бақылауда.
Қостанай облысының Полиция департаменті факт тіркелгенін хабарлады.
«Рудный қаласының полициясында ҚР ҚК 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Баптың максималды санкциясы екі жылға бас бостандығынан айыруды көздейді. Кәмелетке толмаған баланы ұрған ер адам медициналық айықтырғышқа орнатылып, қамауға алынды. Жасөспірім ауруханаға жатқызылды. Тергеу шеңберінде сараптамалар тағайындалды және қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қазіргі уақытта баланың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ» – делінген хабарламада.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!