Атырауда ер адам өз-өзіне қол жұмсап, жоғары қабаттан секіріп кеткен, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Оқиға Нұрсая шағынауданында болған. Бұл туралы өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді.
«2 маусымда сағат 01:00 шамасында Атыраудағы көпқабатты үйдің алтыншы қабатынан 1994 жылғы ер адам секіріп кетті. Ол оқиға орнында жан тапсырды. Тергеу жүргізіліп жатыр», – деп жазылған мәліметте.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!