Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 09:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Ер бала сырттан сөз тасымағаны дұрыс»: Меруерт Түсіпбаева Айгүл Иманбаеваны сынға алды

22.06.2023

1150 0

Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева өнердегі әріптесі Айгүл Иманбаева мен Сәбит Әбдіхалықовтың ұлы Асылжанның тәрбиесіне қатысты пікрі білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айта кетейік, Айгүл Иманбаева бір сұхбатында ұлы Асылжанды әкесімен арақатынасын үзбеу үшін екінші әйелі Алтынай Жорабаева тұрған үйге жіберіп тұрғанын айтқан. Айтуынша, баласы Алтынайдың өзін жақтырмайтынын айтып, жылап келетін көрінеді. Осы сұхбатқа қатысты Меруерт Түсіпбаева да өз ойын айтты. 

“Алтынай Жорабаева – өте жақсы адам. Төрт қыз туып, өсірген ананың пейілі кең, жүрегі жұмсақ болады. Және ер бала үйге сырттан сөз тасымағаны дұрыс. Солай тәрбиелеу керек”, – деп жазды өнер иесі.

Бұған дейін Айгүл Иманбаева ұлы Асылжанға сұхбат берген болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: