Бейсенбі, 26 желтоқсан, 06:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Ерекше балалардың еңбек қабілетін арттыру семинары өтті

30.05.2023

621 0

КМҚК №5 «Шаттық» мектепке дейінгі ұйымында 26.05.2023 күні 4 аймақтық  жоспарға сәйкес      «Жазғы іс-шараларды ұйымдастырудағы ойын түрлерінің рөлі» тақырыбыбында семинар өткізілді. Семинарға қалалық білім бөлімі бастауыш кәсіподақ төрайымы  Алимбетова Орынша Міржақыпқызы ,білім бөлімінің әдіскері  Ақерке Мұратбаева  семинар жұмысын ашып берді.

Мақсаты:  Ойын арқылы балалардың логикалық ойлауын, танымдық, шығармашылық, еңбек әрекетін дене және қимыл белсенділігін ұлттық ойындарға қызығушылықтарын арттыру.

МА «Солнышко»  «Сказка про дружбу» тақырыбында ертегі жазып  ерекше күтімдегі балалар ертегіні рөльдерге бөліп ойнады. Ересек «Достық» тобында  ұлттық ойындарымызды жаңғырту жас ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында «Бестемше ойыны»  түрлі нұсқада  ұсынылды семинарға келген қатысушыларымыз да қызыға ойнады. Ортаңғы «Қуаныш» тобында  «МАРБЛС» тастары арқылы баланың танымын дамыту  ойындары ойнатылды. «МАРБЛС» тастарының  ерекше күтімді қажет ететін балаларға емдік қасиеті өте зор.  Педагог психолог және  дефектолог мамандары  «Ғажайып аралға саяхат» жасап балаларға қызықты ойындар ойнатты. Ортаңғы «Бақыт» тобында «Гүлдер әлемі»  тақырыбында ата-анамен  мальбертке және дәстүрден тыс сурет салу  жұмыстары  ұсынылды.  Дефектолог,  тифлопедагог мамандары  «Бізді қоршаған әлем» тақырыбында балаларды педагогикалық психологиялық қолдау арқылы бейімдеу жұмыстарын көрсетті. Ересектер «Радуга» тобында «Летние спортивние состязания» спорттық сайыс түрлері өткізілді. Семинар соңында  келген қонақтарға балабақша ауласында пісіп жатқан жемістерден  дәмді суысындар ұсынылды. Қалалық білім бөлімінің әдіскері Жанат Кеулімжайқызы және  Мұратбаева  Ақерке сөз алып барлық көрсетілген жұмыстарға жақсы пікірлерін білдіріп педагогтерге  шығармашылық табыс тіледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: