Жексенбі, 12 қазан, 00:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№77, 2189
11.10.2025
PDF мұрағаты

Ерекше күтімге мұқтаж балалар басқа мектеп-интернатқа неге көшірілді?

11.10.2025

46 0

Алматыда ерекше күтімге мұқтаж балаларға арналған №2 қолдау көрсету орталығының ғимаратын жөнлеу жұмыстары басталды. Ғимаратты жаңғырту кезінде балалар уақытша №1 арнайы мектеп-интернатына көшірілді, деп жазады Egemen.kz.

Бүгінде орталықта 100 бала болса, олардың 13-і мектепке дейінгі жаста, 87-сі мектеп оқушылары.

Бұған дейін де Мемлекет басшысының пәрменімен орталық ғимараты толық жөндеуден өтетіні хабарланған еді. «Интегра» ЖШС әлеуметтік жауапкершілік аясында жөндеу жұмыстарын өз есебінен жүргізуге міндеттеме алып, балалар көшкен соң құрылыс-монтаж жұмыстарына дереу кірісуге дайын екенін мәлімдеген болатын.

Алматы қалалық Білім басқармасының басшысы Сайран Сайфеденовтің айтуынша, тәрбиеленушілерді орналастыру мәселесі ерекше бақылауда тұр.

«Қазіргі таңда жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, негізгі ғимаратты қайта жаңарту және ескі шаруашылық құрылыстарын ішінара бұзу қарастырылған. Сондай-ақ жаңа әкімшілік корпус салу жоспарланған», – дейді ол.

Сайран Сайфеденов уақытша көшіру мәселесі шешілгенін айта келе:

«Балалар уақытша орналасқан №1 арнайы мектеп-интернаты да Білім басқармасының қарамағында. Екі апта бұрын мұнда «Жанұя» мамандандырылған үйінің 90-нан астам тәрбиеленушісі тұрған болатын. Балалардың иелігінде 1100 шаршы метрден астам аумақ бар – бұл 18 бөлме, онда ағымдағы жөндеу жүргізілген. Апта соңына қарай ғимарат толық босатылғаннан кейін мердігер ұйым қайта жаңғырту жұмысына кіріседі», деді.

Ерекше әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларға арналған №2 қолдау көрсету орталығының директоры Жұлдыз Меңлібекова: «1962 жылы салынған ғимаратымыз қайта жөндеуден өткізу үшін уақытша жабылғандықтан, қазір біз Торайғыров көшесіндегі ғимаратқа көштік. Балалар риза, бөлмелер кең, жарық, барлық жағдай жасалған. Бізге осындай жақсы ғимарат ұсынғаны үшін Білім басқармасына және Алматы әкімдігіне алғыс білдіреміз», дейді.

Бүгінде Алматыда ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған сегіз арнайы мектеп-интернат жұмыс істейді, онда 2 668 оқушы білім алады. Оның ішінде 1 794 бала интернатта тұрады, ал 874-і үйде оқиды. Бұдан бөлек, өмірінде қиындық болып жатқан кәмелетке толмағандарға көмек көрсететін төрт ұйым бар. Бұл мекемелерде 446 бала тәрбиеленіп жатыр.Оған қоса биыл 20 қыркүйекте Алматыда құрылыс компанияларының бірі 6 млрд теңге қаражат бөлген жаңа «Жанұя» мамандандырылған кешені ашылған еді.

Оған қоса биыл 20 қыркүйекте Алматыда құрылыс компанияларының бірі 6 млрд теңге қаражат бөлген жаңа «Жанұя» мамандандырылған кешені ашылған еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: