Бейсенбі, 28 қараша, 23:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Ерке Есмахан: «Некеге апарар жол бізді көп адастырды»

10.02.2023

897 0

Әнші Ерке Есмахан қысқаша махаббат хикаясмен бөлісті. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ерке әлеуметтік желіде Райыммен алғаш түскен суретін жариялады.

“2018-шы жыл. Танысқан күні түскен ең алғашқы фото. Сезім осы сәттен бастау алған еді. Суреттегідей екі жарты бір бүтін боларымызды сол күні біз сезбесек те Алла бұйыртып, шешіп қойған екен ғой. Бұл қызыққа, сынаққа толы махаббат туралы алда айтып берейін бе?”, – деп жазды өнер иесі.

Ерке Есмахан: "Некеге апарар жол бізді көп адастырды"

Жұлдызды жұптың махаббатқа ұласқан қарым-қатынасы ұзақ уақыттан бері жалғасып келе жатқанын әншінің мына сөздерінен білуге болады.

“Осы кезге дейін мен үндемесем де артист Raim сіздерге бәрін әнмен жеткізген еді. Күйеуімнің “02”, “Шам”, “4 дөңгелек”, “Бестселлер” альбомын және альбомға кірмеген басқа әндерін де жақсылап тыңдап шығыңыздар. Әлде “шынайы оқиғаға негізделген” деп кино түсірсек пе екен? Жазуға да, түсіруге де ерініп қаламын-ау. Сенім жоқ маған”, – дейді ол.

Өнер иесі ойын: “Некегк апарар жол бізді көп адастыры”, – деген  сөздермен қорытындылады.

Ерке Есмахан: "Некеге апарар жол бізді көп адастырды"

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: