Бейсенбі, 28 тамыз, 16:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№64,2177
26.08.2025
PDF мұрағаты

«Еркектің әділетсіздігіне көну керек»: Тамара Асар әйелдерге кеңес берді

28.08.2025

62 0

Фото: https://www.instagram.com/tamara_assar_official

Желіде танымал әнші Тамара Асардың әйел мен еркекке қатысты ойы қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Өнер иесі журналист Дина Төлепбергенмен сырласып, қоғамдағы ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасын анықтап берді.

“Ағаларыңды өзінен артық сүйемін. Сүю де керек. Ер адамды әйел адам артығырақ сүйіп, әділетсіздігіне де көне білу керек. Артығырақ бас иіп тұрған дұрыс. Оларды ақ қағаздың үстінде жүргізе алмаймыз. Ер адам түзу жүруге тиіс емес. Қазіргі болып жатқан проблема – әйелдер әділетсіздікті қабылдай алмағандықтан туындайды», – деді Тамара Асар.

Одан кейін әйелдерге қол көтермеу үшін еркектер қандай іспен айналысатынын да айтты.

“Осы сөзім арқылы әйелдерге қол көтеретін еркектерді ақтап тұрған жоқпын. Бүгінгінің еркектері жауға шапқан жоқ, қырғын көрген жоқ. Сосын іштегі агрессиясын әйелдеріне шығарады. Сол үшін ер адамдар ауыр жұмыс істеп, түзде жүруі керек”, – деді әнші.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: