Бүгін ҚР Парламенті Мәжілістің жалпы отырысында палата Төрағасы лауазымына Ерлан Қошановтың кандидатурасы ұсынылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Атап айтқанда, ҚР Конституциясы 58-бабының 1-тармағына сәйкес, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы мемлекеттік тілді еркін меңгерген депутаттар арасынан Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы сайланады.
Ерлан Қошановтың кандидатурасын Мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов ұсынды.
Депутаттар Ерлан Қошановтың кандидатурасын бірауыздан қолдады.
Еске салайық, Қошанов – Amanat партиясының төрағасы.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!