Жексенбі, 15 ақпан, 19:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№12 (2224)
14.02.2026
PDF мұрағаты

Ерлік ел жадында – Ауған боздақтарына тағзым

15.02.2026

62 0

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Тағзым алаңында ауған соғысында қаза тапқан боздақтарды еске алуға арналған тағылымды шара өтті. Жиынға Ауған соғысының ардагерлері, қала тұрғындары мен жастар қатысып, ерлікке тағзым етті.

Ерлік ел жадында – Ауған боздақтарына тағзым

Шара барысында боздақтардың ерлігі, от пен оқтың ортасындағы табандылығы, жауынгерлік бауырмалдығы ерекше атап өтілді. Олардың қайсарлығы мен Отан алдындағы адалдығы – бүгінгі ұрпаққа үлгі. Батырлардың есімі ел жадында мәңгі сақталып, ерлігі ешқашан ұмытылмайтыны айтылды.

Ерлік ел жадында – Ауған боздақтарына тағзым

Жиналғандар жат жерде қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алды.

Еске алу митингінде сөз алған қала әкімінің орынбасары Ділмұхамед Абизов ардагерлерге құрмет көрсетудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірбек Шәменов Ауған жерінде от кешкен жауынгерлердің ерлігі – ел тарихындағы өшпес парақ екенін жеткізді.

Бейбіт өмірдің қадірін ұғындыратын мұндай шаралар жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуде айрықша мәнге ие.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: