Бүгін А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Тәжік-ауған соғысының боздақтарын еске алуға және олардың ерлігін ұлықтауға арналған салтанатты шара өтті.
Тағылымды жиында Тәжік-Ауған шекарасындағы қақтығыстың ел тарихындағы орны ерекше екені атап өтілді. Сонымен қатар, қазақстандық сарбаздардың батылдығы мен адалдығы, Отан алдындағы борышын абыроймен атқарғаны кеңінен сөз болды.
Жиында Тәжік-ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, қала әкімінің алғыс хаттары табысталды. Іс-шара концерттік бағдарламамен ұласып, патриоттық рухтағы әндер шырқалды.





Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
