Дүйсенбі, 25 қараша, 10:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Ерлікке тағзым – елдіктің белгісі

15.02.2024

476 0

Бүгін «Тағзым» алаңында батырлық пен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған, Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу шарасы өтті.

Шара барысында қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев сөз алып, азаматтық борышын өтеу жолында қапыда қаза болған жауынгерлердің жарқын бейнесі ұрпақ жадында жаңғырып, ерліктің үлгісі болып қала беретінін атап өтті.

– 2024 жылдың елеулі оқиғаларының бірі биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуы. Он жылға ұласқан сұрапыл соғысқа «Бірінші міндетім – Отанды қорғау» деп түсінетін, патриот азаматтарымыз аттанған болатын. Сондықтан соғыс кезінде шейіт болған ағаларымыздың барлығы ел қаһармандары екені сөзсіз. Жыл сайын ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, олардың рухтарының алдында бас иеміз, – деді Дархан Есалыұлы.

Шара барысында батырлар рухына бас иіп, 1 минут үнсіздікпен еске алынды. Гүл шоқтары қойылып, құран бағышталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: