Астанада 17 жастағы жасөспірім Есіл өзеніне батып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
12 маусымда Астанада жасөспірім өзеннің бір жағасынан екінші жағына жүзіп өте аламын деп достарымен бәстескен. Бірақ бәс қайғылы оқиғамен аяқталды. Бала батып кетті.
Сағат 19:02-де Астана қалалық ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жасөспірімнің денесін судан шығарып алды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!