Сәрсенбі, 02 сәуiр, 19:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№23,2136
01.04.2025
PDF мұрағаты

Есірткіге қарсы түсіндірме жұмыстары жүргізілді

01.04.2025

274 0

Ағымдағы жылдың 31 наурызында Қызылорда қалалық ҚАЖД№60 мекеменің Сотталғандар арасында әлеуметтік-психологиялық тәрбие беру жұмысы бөлімінің қызметкерлері сотталғандарға есірткіге қарсы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Дәріс барысында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың және күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңнама аясында кеңінен түсіндіріліп өтті.
Дәрістің мақсаты-сотталғандар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлыққа қарсы күресте шараларды күшейту.
Нашақорлық-өзекті мәселелердің бірі. Бұл бүкіл қоғамның трагедиясы. Сондықтан мұндай іс-шаралар сотталғандарға оң әсер етеді, есірткісіз салауатты өмір салтын ұстануға ынталандырады деп ойлаймыз-деді мекеме бастығы Мақсұт Өтегенұлы.


№60 мекеме баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: